Бала ата-анасының қарауынсыз қалған
Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін ШҚО-ның Уланка көлінде 2021 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап, батып кетті, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда дереу 112 нөмеріне хабарлау керек.
Тасқын, өрт, суға шомылу: Балаларды жазда қауіптен қалай қорғаймыз. Қауіпсіз демалыс: Табиғат аясында пикник жасаудың басты ережелері қандай. Демалыс маусымы: Суға шомылудың қауіпсіздік ережелері қандай.