×

Шығыс Қазақстанда үш жасар бала суға батып кетті

Бала ата-анасының қарауынсыз қалған

 Қымбат Елтайқызы 02.06.2024 | 17:10
фото: gtrkamur.ru

Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін ШҚО-ның Уланка көлінде 2021 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап, батып кетті, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда дереу 112 нөмеріне хабарлау керек.

Тасқын, өрт, суға шомылу: Балаларды жазда қауіптен қалай қорғаймыз. Қауіпсіз демалыс: Табиғат аясында пикник жасаудың басты ережелері қандай. Демалыс маусымы: Суға шомылудың қауіпсіздік ережелері қандай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама