Қазақстан мен АҚШ адам құқығы мен энергетика мәселелерін талқылады
Қос мемлекет стратегиялық серіктестік жайын сөз етті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның алтыншы отырысын өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Екі елдің мемлекеттік органдары мен ведомстволары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында тараптар өткен кезеңдегі бірлескен жұмыстың қорытындыларын тамамдап, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ адами өлшем аспектілеріне ерекше назар аударып, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту мен тереңдету жөніндегі алдағы кезеңге деген жоспарларды айқындады.
Қатысушылар биылғы наурызда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің АҚШ-қа сапарының және Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен кездесуінің қорытындыларын талқылады, – дейді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.
А.Рахметуллин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген саяси және демократиялық қайта құрулардың екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелерімен сәйкес келуін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі элементтерінің бірі саналатын инфрақұрылымдық жобалар мен көлік бағыттарын дамытудың маңызын атап өтті. Келіссөздер барысында тараптар энергетика мен маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Америкалық тарап, өз кезегінде, өткен жылғы қыркүйекте өткен С5+1 мемлекет басшылары саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған жобаларға ерекше назар аударып, екіжақты серіктестіктің тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады. Комиссия отырысының қорытындысында тараптар өзара тиімді негізде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға дайындығын растады.
Қазақстандық делегацияның сапары аясында АҚШ Әкімшілігінде, Мемлекеттік департамент басшылығымен, Сауда өкілінің Кеңсесімен және АҚШ-тың басқа да мүдделі ведомстволарымен жеке кездесулер өтті. Сонымен қатар, америкалық азаматтық қоғам өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның барысында қазақстандық тарап елдегі адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұлттық заңнамадағы жаңа еңгізілімдер туралы хабардар етті. Тараптар Қазақстан-Америка арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысын 2025 жылы Астанада өткізуге уағдаласты, – дейді СІМ.
АҚШ-тың экс-президенті Трамп 136 жылға сотталуы мүмкін. Полиция АҚШ азаматтарына туыстары туралы мәліметті тауып берді.