×

Алматыда мопед мінген кәмелетке толмаған екі жасөспірімді көлік қағып кетті

Жол апаты Сүйінбай даңғылы мен Руставели көшесінің қиылысында болған

 Қанат Атаманов 05.06.2022 | 05:31
Фото: inform.kz

.SsangYong Korando маркалы автокөлігі Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Көлік жүргізушісінің айтуынша, Руставели көшесіне бұрылу кезінде аялдаманың жанында автобустың артында мопед шыққан.

13 және 14 жастағы жасөспірімдер түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдердің миы шайқалып, кейбір дене мүшесі сынған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама