×

Қызылорда облысында екі адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға Сырдария өзенінде болған

 Қымбат Елтайқызы 02.06.2024 | 09:00
фото: ТЖМ

Қызылорда облысының Сырдария өзенінде екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Суға батып кеткен адамдар жабдықталмаған жерде шомылған, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.

Тасқын, өрт, суға шомылу: Балаларды жазда қауіптен қалай қорғаймыз. Қауіпсіз демалыс: Табиғат аясында пикник жасаудың басты ережелері қандай. Демалыс маусымы: Суға шомылудың қауіпсіздік ережелері қандай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама