Балауса Мұздыман үндістандық қарсыласын небәрі 40 секундта нокаутпен жеңді
Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) үндістандық қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) үндістандық қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлады 1bol.kz.
Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде Балауса мансабындағы төртінші жекпе-жегін өткізген болатын. Ол Үндістаннан келген Моника Стнгхты (5-1, 3 КО) небәрі 40 секундта ұрып құлатып, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Көкірек тұстан тиген ауыр соққыдан отырып қалған Сингх төреші санап біткенше орнынан тұра алған жоқ.
Еске смлайық, Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізгеннен кейін алты жыл үзіліс алған. Былтыр ол Алматыда өткен бокс кешінде египеттік боксшыны техникалық нокаутпен жеңіп, рингке оралғанын мәлімдеді.