Қазақстандық спортшы Эдуард Ким әртістік жүзуден әлем кубогінде чемпион атанды

Халық үні

Ол  жекелей сында 204.3900 ұпай жинап, чемпион атанды.

Фото: Olympic.kz

Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Эдуард Ким жеңіске жетті,  деп хаабрлады Olympic.kz.

Ол  жекелей сында 204.3900 ұпай жинап, чемпион атанды. Бұл Кимнің әлем кубогіндегі жекелей  сында алған алғашқы алтын медалі.

Күмісті италиялық Филипо Пелати (198.1749), қоланы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі.