Павлодар облысында 20 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен теплоход капитанының денесі табылды

Халық үні

Болжам бойынша, 59 жастағы ер адам «Қазақстан Су Жолдары» РМҚК-ға тиесілі теплоходтың палубасынан құлап, суға батып кеткен.

Фото: sportishka.com

Шабар ауылының маңындағы Ертіс өзенінде теплоход капитаны суға батып кетті. Іздеу жұмыстары 20 күнге созылды, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде болған. Келесі күні таңертең іздеу жұмыстарына төрт сүңгуір келіп жеткен. Болжам бойынша, 59 жастағы ер адам «Қазақстан Су Жолдары» РМҚК-ға тиесілі теплоходтың палубасынан құлап, суға батып кеткен.

Іздеу жұмыстары он күнге созылды, бірақ нәтиже бермеді. Туыстарының өтініші бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылды.

«20-күні біз денені Аққулы ауылынан 60 шақырым жердегі төмен ағыстан таптық. Өзен әлі өз арнасына түспегендіктен, су лай, ештеңе дұрыс көрінбеді. Біздің сүңгуірлер өмірлерін қатерге тігіп, суға сүңгіді. Судың ішінде қоқыстар көп», - деді азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасымов.