29 жастағы ер адам сүйіктісімен Instagram арқылы танысқан.
Индонезия тұрғыны үйлену тойынан соң 12 күннен кейін қалыңдығының ер адам екенін білген, де жазады Bild басылымы.
Басылымның мәліметінше, 29 жастағы ер адам сүйіктісімен Instagram арқылы танысқан. Айтуынша, сүйіктісі кездесулерде дәстүрлі мұсылман киімін киіп, орамал тағып жүрген.
Олар бір жылға жуық кездесіп, үйленуге шешім қабылдағанда «қалыңдық» өзінің жетім екенін айтқан. Дегенмен ол жасауына бес грамм алтын тапқан.
Үйлену тойы өткеннен кейін көп ұзамай күйеу жігіт бір нәрсенің дұрыс емес екенін сезеді. Өйткені «қалыңдығы» денсаулығының нашарлығы мен етеккірін сылтауратып, жақындаудан қашады.
Арада 12 күннен кейін ер адам «қалыңдығының» ата-анасы бар екенін анықтайды. Ал оның «сүйіктісі» шын мәнінде әйелдер киіміне жасырынған ер адам екені белгілі болады.
«Қалыңдық» осы әрекеті арқылы ер адамның мүлкін иемденгісі келген алаяқ болып шықты. Енді ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.