Жоспар 2024-2026 жылдарға арналған
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір бастамасы іске асырылды. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Президент Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында лудоманиямен күресу үшін жүйелі жұмыс жасап, кешенді жоспар құруды, сондай-ақ тиісті заңды тезірек қабылдауды тапсырған еді, дейді мемлекеттік кеңесші.
Естеріңізде болса, Мәжіліс бұған дейін осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарастырған болатын. Қабылданған кешенді жоспардың іс-шаралары заң жобасының негізгі ережелерімен толық үндеседі. Кешенді жоспардың жобасын сарапшылар, сонымен қатар Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері кеңінен талқылады. Жоспар 4 бөлімнен және 28 тармақтан тұрады. Оның сапалы орындалуына 15 орталық пен 20 жергілікті мемлекеттік орган жауапты болады, – деді Ерлан Қарин.
Лудоманияға қарсы күресте мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бүкіл қоғамның жұмылуы, дәйекті әрі жүйелі жұмыс жасауы аса маңызды, деп түйіндеді ол.
Мектеп оқушылары да онлайн казино ойнайды. Қазақстанда 40 мың адам өзін құмар ойыннан шектеді. Депутат лудоманияға шалдыққан екі оқушының емделіп жүргенін айтты.