Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды
Оның арбауына тап болған 4 астаналық полицияға жүгінген
Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдап кеткен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90-100 мың теңге аралығында алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды.
Бүгінде алаяқтың арбауына тап болған 4 астаналық полицияға жүгінген. Солардың бірі, 21 жастағы елорда тұрғыны күдіктінің жалға пәтер берем деген сылтауына сеніп, 100 мың теңгесін берген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.