Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеуніктер жауапқа тартылды

Прокуратура 40-тан астам азаматтың құқығын қорғады

 Динара Амантай 31.05.2024 | 17:47
Ақтөбе облысында кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеуніктер жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысының прокуратурасы 40-тан астам кәсіпкердің жер телімдерін жалға алу мерзімін ұзарту туралы өтініштерін қарауды негізсіз кешіктіруге байланысты бизнестің жүйелі проблемасын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Демеу Проект» ЖШС жергілікті атқарушы органға жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген, ал Алға ауданы әкімдігі бұл мәселені бір айдан кейін ғана жер комиссиясының қарауына жолдаған. Ал, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қабылдау қағидаларының 4 және 6-тармақтарына сәйкес жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі 7 күн ішінде және жер комиссиясының шешімінсіз қаралады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуынан кейін 40-тан астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, әкімдікте жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі заңда белгіленген мерзімде қаралды.

Қазір прокурорлық қадағалау шаралары арқылы бұл тәжірибе жойылып, лауазымды азаматтар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама