Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Алматыда ғалымдармен кездесті

Мемлекет басшысы оларға әлеуметтік қолдау көрсету маңызды екенін айтты

 Динара Амантай 31.05.2024 | 17:25
Тоқаев Алматыда ғалымдармен кездесті
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір – ғылым мен білімнің заманы. Отанымызды көркейтеміз десек, ең алдымен, осы екі саланы дамытуымыз керек. Бұдан басқа жол жоқ. Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс, – деді президент.

Президент Қазақстан көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуы керек екенін айтты.

Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда. Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады, – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама