Halyq Uni логотип
×

ҰБТ-да ең жоғары балды 3 оқушы жинады

Бүгінде шамамен 71 мың түлек тест тапсырды

 Дәурен Ерболат 31.05.2024 | 16:22
ҰБТ-да ең жоғары балды 3 оқушы жинады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 71 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 71%-ы қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 74%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл – 67, ең жоғары нәтиже 137 балл болды. Оны осы аптада 3 талапкер жинады, - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық бірыңғай тестілеудегі ең жоғары балл – 140.

Айта кетейік, бүгінде ҰБТ күн сайын екі лек бойынша өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін ереже бұзудың 126 дерегі анықталды.

Биыл талапкерлерге ҰБТ тапсыруға 5 мүмкіндік беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама