×

Шығыс Қазақстанда дабыл жүйесі іске қосылады

Одан қорқудың қажеті жоқ

 Дәурен Ерболат 31.05.2024 | 15:53
Фото: ШҚО ТЖД

Биыл 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлады облыстық ТЖД.

3 маусымда сағат 10.00-де өңірде «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында дабыл жүйесі іске қосылады.

Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде дабылды естісеңіз, ұялы телефон арқылы радионы іске қосыңыз. Үйде болсаңыз, теледидарды дереу қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ақпарат «Дәрмен» мобильді қосымшасында және Instagram-дағы ШҚО ТЖД-ның парақшасында жарияланады.

Дабыл жүйесінің іске қосылғанын естісеңіз, одан қорқудың қажеті жоқ. Бірақ балаңызға оның неге қосылғанын түсіндіру маңызды.

ШҚО ТЖД оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама