Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында аудан әкімдігі пәтерді жоғары бағамен сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізілді

 Динара Амантай 31.05.2024 | 12:44
Ақмола облысында аудан әкімдігі пәтерді жоғары бағамен сатып алмақ болған
Көрнекі фото: Halyq Uni

Бурабай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде Бюджет кодексі нормаларының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан әкімінің аппараты биыл ауданы 40-60 шаршы метр болатын, құны 30 млн теңгелік 3 бөлмелі пәтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлаған. Ал интернет-сайттарда ұсынылған (krisha.kz, olx) ұқсас сипаттағы пәтерлердің бағасын зерттеу барысында Щучинсктегі бағалар 10,5 млн теңгеден 22,5 млн теңгеге дейін болған, яғни бір пәтердің басағасы орташа есеппен 16 млн теңге болады. Осылайша, қолданыстағы заңнама мен Кодекстің қағидаттарын бұза отырып, жоспарланған сатып алу сомасы негізсіз асыра көрсетілген.

Қадағалау актісіне сәйкес, мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, сатып алу пәтерлердің орташа нарықтық құнын ескере отырып түзетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама