Алматыда арнайы ХҚКО басшысының орынбасары тергеліп жатыр

Динара Амантай

Ол кәсіпкердің 930 мың теңгесін алаяқтықпен иемденген

Фото: Halyq Uni

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге көлемінде алаяқтық жолмен қаражат иемденді деген күдікке ілінде. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.