×

Қазақстандық боксшы үш жылдық үзілістен кейін рингке оралды

кәсіпқой боксшы 2019 жылдан бері алғаш рет кездесу өткізбек

 Қанат Атаманов 04.06.2022 | 22:20
Фото: ашық дереккөздерден

Жекпе-жек 18 маусымда АҚШтың Калифорния штатында, Коммерсте өтеді. Спортсүйер қауымға «Спарта ледиі» лақап атымен танымал Аида Сатыбалдинованың (5-2-1, 5 КО) қарсыласы алғашқыда америкалық Элизабет Туани (1-7, 0 КО) болуы керек еді. Алайда, енді BoxRec.com сайты Аиданың Гаити боксшысы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді. Жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Осылайша, кәсіпқой боксшы 2019 жылдан бері алғаш рет кездесу өткізбек.

Айта кетсек, Аида Сатыбалдинованың соңғы айқасы 2019 жылғы 27 шілдеде Тихуанда (Мексика) өткен болатын. Онда қазақстандық спортшы төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жергілікті боксшы Дайанне Гонсалестен (6-5-1, 3 КО) жеңілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама