×

Хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Алдағы үш айда жарыс кестесі хабарланады

 Дастан Жұмабекұлы 31.05.2024 | 11:42
Фото: Ольга Бугаева

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатындағы екі топ құрамын жариялады.

Келесі жылы әлемдік сынға қатысатын командалар қатарында Қазақстан да бар. Дүрмекті доданы Швецияның Стокгольм мен Данияның Хернинг қалалары өткізеді. 

Қазақстан құрамасы В тобына  түсті. Онда ұлттық құрама Дания, Чехия, Германия, Венгрия, Норвегия, Швейцария мен АҚШ командаларымен ойнайды.  Бұл топтың ойындары Хернингте (Дания) болады.

А тобында Аустрия, Канада, Финляндия, Франция, Латвия, Словакия, Словения мен Швеция хоккейшілері күш сынасады.

Алдағы үш айда әлем чемпионатының жарыс кестесі хабарланады. 

Әлем чемпионаты 2025 жылы 9-25 мамыр аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама