63 мыңнан аса адам өз үйлеріне оралған
ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, еліміз бойынша 63 038 адам өз үйлеріне оралған. 5171 адам әлі эвакуациялау пункттерінде қалып отыр.
Сондай-ақ 27.8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 8.1 млн астам қапшық және 1.5 млн астам тонна инертті материал төселді.