Halyq Uni логотип
×

АҚШ-тың экс-президенті Трамп 136 жылға сотталуы мүмкін

Ол қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылды

 Дастан Жұмабекұлы 31.05.2024 | 10:42
АҚШ-тың экс-президенті Трамп 136 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Jabin Botsford / Reuters

Нью-Йорк қазылар алқасы АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Deutsche Welle мәліметіне қарағанда, он екі алқаби бұрынғы президентті 2016 жылғы қайта сайлау науқаны кезінде актриса Сторми Дэниэлске төленетін ақшаны жасырып, бизнес жазбаларды бұрмалағаны үшін айыптады.

Трамп барлық 34 бап бойынша кінәлі деп танылды. Ол 34 бұрмаланған жазбалардың әрқайсысы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сөйтіп, ол барлығы 136 жылға сотталуы ықтимал.

Үкімді судья Хуан Меркан 11 шілдеде өтетін арнайы сот отырысында шығарады.

Дональд Трамп қазылар алқасының үкімі түпкілікті емес екенін айтты. Трамптың адвокаты шешімге шағымданатынын да хабарлады.

Соттың қорытындысына қарамастан, Дональд Трамп президенттік сайлауға түсіп, тіпті жеңіске жетуі мүмкін деп те айтылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама