Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында аудан әкімдігі 700 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды адам жауапқа тартылды

 Динара Амантай 31.05.2024 | 10:05
Жамбыл облысында аудан әкімдігі 700 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде бұзушылықтарды анықтады. Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 млн теңгеден астам қаражатты енгізген.

Мысалы, әкімдік шығыстар бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражатты қосқан. Алайда бөлінетін ақшаның экономикалық негіздемесі айқындалмаған.

Прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуының алды алынды.

Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама