×

ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды

 Динара Амантай 31.05.2024 | 09:45
Фото: sknews.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, Наханов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, қағаз жүзінде адамды әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, – делінген Антикор хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама