Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында өзеннен із-түзсіз жоғалған шопанның денесі табылды

Бірнеше күнгі іздеу жұмыстарынан кейін ер адамның мәйіті Есіл өзенінен табылды

 Халық үні 31.05.2024 | 08:50
Ақмола облысында өзеннен із-түзсіз жоғалған шопанның денесі  табылды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 57 жастағы шопанның денесі Есіл өзенінен табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметіне қарағанда, 30 мамырда Жарқайың ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жұмыс істеген 57 жастағы Дәулетбай Кәкешті іздеу аяқталды.

Бірнеше күнгі іздеу жұмыстарынан кейін ер адамның мәйіті Есіл өзенінен табылды, – деп хабарлады ведомство.

Қазір сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Сарапшылар сондай-ақ ақмолалықтың өлімінің себебін анықтауда. Бұған дейін ер адамның 22 мамырда жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Алғашында шаруа қожалығының қызметкерлері шопанды өз күштерімен іздеп, төрт күннен кейін кәсіпорын басшысы полициядан көмек сұраған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама