Бұған дейін ақын қыз 40 келі тастағанын, енді салмағы 60 кг болу арманы екенін айтқан болатын
Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында тағы да салмақ тастағанын айтып, жазба жариялады.
Айтуынша, бұрын салмағы 135 келі болған. Бұған дейін ақын қыз 40 келі тастағанын, енді салмағы 60 кг болу арманы екенін айтқан болатын.
«60 келіге аз қалды. Армандар белгілі бір сәтте ғана орындалады. Ол сәт «әр нәрсенің өз уақыты бар» деп аталады», – деп жазған ол.