×

Украиналық саясаткер қандай жағдайда Ресеймен келісімге келетінін айтты

Саясаткер қазіргі уақытта Ресей әскері Украинадағы елді мекендерді өз бақылауына алып жатқанын жасырмады

 Қанат Атаманов 04.06.2022 | 21:00
Фото: tengrinews.kz

Украина делегациясының басшысы саясаткер Давид Арахимия қандай жағдайда Ресеймен келісімге келуге болатынын білдірді

«Украинская правда» басылымының мәліметінше, саясаткер Украинаға Батыстан келіп жатқан қару-жарақтың екі ел арасындағы келіссөзге әсер етіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Киевтің позициясын күшейту үшін әскери гуманитарлық көмек керек.

Біз Батыстан келетін қару-жарақты қабылдауға дайынбыз. Содан кейін Ресеймен келіссөздің жаңа кезеңін бастай аламыз», - деді Давид Арахимия.

Саясаткер қазіргі уақытта Ресей әскері Украинадағы елді мекендерді өз бақылауына алып жатқанын жасырмады.  

Біз бір қадам алға, екі қадам артқа жылжып жатырмыз. Бүгінде келіссөздерді қайта жалғастыруға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама