«Алданып қалмаңыздар деп ескерткім келеді!»: экс-депутат қазақстандықтарға үндеу жасады
Алаяқтар оның аты-жөні мен фотосын пайдаланып, ақпарат таратқан
Белгілі қоғам қайраткері, «Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қауымдастығы» АҚ басқарма төрағасы, экс-депутат Айгүл Соловьева өз атынан жалған ақпарат таратып жүргендер барын айтып, желдіде жазба жариялады.
Айтуынша, алаяқтар оның аты-жөні мен фотосын пайдаланып, ақпарат таратқан.
«Мұнда менің атымнан және менің суретіммен белгісіз нөмірден жалған ақпарат таратып жатыр. Тек алданып қалмаңыздар деп ескерткім келеді!», – деді ол.