×

Алматы облысында рейстік автобус апатынан жолаушылар жарақат алып, жүргізуші көз жұмды

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 30.05.2024 | 20:45
Фото: Halyq Uni

Бүгін, 30 мамырда «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында рейстік автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.
Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.Он бір жолаушы түрлі жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама