×

Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысына сот шешімі шықты

Айыпталушыларға 48,4 млн теңге айыппұл салынды

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2024 | 17:18
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Денсаулық сақтау министрлігі «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» РММ бастығы Р. Сайлаубекұлына, «Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің» РММ филиал бастығы Г. Абишова мен филиалдың бас бухгалтері Ш. Зейілбековаға мемлекеттік қызметте лауазымды қызметті атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұл салынды.

Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама