×

1 маусымда Астанада бұқаралық велошеру өтеді

Жарысқа қатысқысы келген адам өз велосипедімен жіберіледі

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2024 | 16:19
Фото: gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында 1 маусымда есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағына дейін жүріп өтеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін болады. Шеру сағат 08:00-де басталды.Тіркелу тегін.

Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Жарысқа қатысқысы келген адам өз велосипедімен жіберіледі. Алайда міндетті түрде шлем болу керек.

Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама