×

Елордада алғаш рет сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді

Оған 10 елдің 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылары қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2024 | 16:08
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді.

Оған Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы мен Өзбекстан командалары қатысады.

Әлемдік доданың ашылу салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-маусымда «Жекпе-жек» сарайында болады.

Чемпионат 10-маусымға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама