Осылайша 100 келіге жуық синтетикалық есірткіні өндіруге жол берілмеді
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген арнайы операция кезінде қылмыстық полиция қызметкерлері жалға алынған жертөледе зертханалық құрал-жабдықтар, аса ірі көлемде сатуға дайын прекурсорлар мен синтетикалық есірткіні тауып, тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Прокуратура мен полиция бұл жертөлені бірнеше ай аңдып, бақылаған. Сараптамаға сәйкес, 1,4 келі мефедрон, 1,6 тонна химиялық сұйықтық алынды. Осылайша 100 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын өндіруге жол берілмеген.
Аса ірі көлемде есірткіні өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті деп танылған 41 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.