Қазір Қазақстан делегациясында 55 жолдама бар
Бүгін триатлоннан ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті.
Халықаралық триатлон федерациясы ресми түрде Азия құрлығында қалған жалғыз квотаны Екатерина Шабалинаның алғанын растады.
Спортшы жолдамаға New Flag санатында ие болды. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі.
Екатерина Шабалина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.
Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпайға қалып қойды.
Қазір Қазақстан делегациясында 55 жолдама бар. Лицензияны 52 спортшы жеңіп алған.