Қаржы министрлігі шетелдік компаниямен татуласу тәртібін кешіктірген
Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге 612 млн теңгеге қосымша салық салған
Алматы қаласы соттарының поляк компаниясының салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талабын қарауы шеңберінде Қаржы министрлігінің Халықаралық конвенцияны бұзғаны анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекеттік кірістер департаменті «Exalo Drilling» АҚ шетелдік компаниясының резиденттік сертификатын қабылдамай, 600 млн теңгеден астам корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеген. Польшаның Қаржы министрлігі даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсімін бірнеше рет бастауға тырысқаны белгілі болды. Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген.
Алайда, Қаржы министрлігі сот дауының болуына сілтеме жасай отырып, келіссөздер жүргізуден бас тартқан. Бас прокуратура қадағалау актісін енгізгеннен кейін Қазақстан мен Польша қаржы министрліктері арасында өзара келісу рәсімі аяқталды.
Польша тарапы компанияның Қазақстан аумағында қызметін іске асыра бастағаннан бері Польшаның «резидент» мәртебесін растады. Нәтижесінде салық органы сотта бітімгершілік келісім жасасып, өзінің хабарламасын қайта қарады.
Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін бизнес субъектісіне 612 млн теңгеге салықты қосымша есептеу жойылды.