Өнер иесі ұзаққа созылған дерттен 53 жасында көз жұмды
Ресейдің танымал кино және театр актрисасы Анастасия Заворотнюк қайтыс болды. Оның қазасы туралы мәлімет өнер иесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Актриса ұзаққа созылған дерттен 53 жасында көз жұмды.
Құрметті достар! Бұл жағдай туралы ойлаудың, айтудың өзі қиын.
Бүгін түнде біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен өмірден өтті. Біз шын жүректен Настяға жақсылық пен денсаулық тілеп, дұғада болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Настя сіздердің қолдауларыңызды білетін еді. Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Анастасия Заворотнюк 2018 жылдан бері ауыр дертке ұшыраған. Содан бері ол ел алдына шықпаған. Оның артында 28 жастағы Анна, 23 жастағы Майкл мен 3 жасар Мила деген қызы қалды.