Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында кәсіпкер заңсыз криптовалютамен айналысқан

Күдікті осы арқылы 358 млн теңге пайда тапқан

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2024 | 12:22
Қостанай облысында кәсіпкер заңсыз криптовалютамен айналысқан
Фото: kursiv.media

Қаржылық мониторинг агенттігі арнайы рұқсатсыз заңсыз крипто айырбастаумен айналысқан кәсіпкерлік қызметті аанықтады.

Агенттіктің хабарлауынша, күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымымен жұмыс істеп, тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін теңгемен сатып алып, сатқан. Осы арқылы 358 млн теңге сомасында, яғни аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

Сот күдіктіні кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сонымен бірге екі жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама