Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды

Ұсталған ер адам есірткі өндіруге қажетті жабдықтарды ғаламтор арқылы ТМД елдерінің сатушыларынан сатып алғанын мойындады

 Қанат Атаманов 04.06.2022 | 19:20
ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: tengrinews.kz

«Қарасора – 2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен қаласындағы пәтерлердің бірінде орналасқан марихуана өндіру есірткі зертханасын жойды.

Өңірлік полицияға есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 26 жастағы ер адамға қатысты жедел ақпарат түскен. Оның нәтижесінде полиция қызметкерлері ұйымдастырылған "есірткі плантациясын" және кептіріліп дайын тұрған марихуанасы бар бірнеше пакет, сондай-ақ, оны қолдануға арналған басқа да құрылғыларды тапты.

Ұсталған ер адам есірткі өндіруге қажетті жабдықтарды ғаламтор арқылы ТМД елдерінің сатушыларынан сатып алғанын мойындады.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі («Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама