Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды

Ол комиссия қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған

 Динара Амантай 30.05.2024 | 09:09
Павлодар облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды
Фото: Depositphotos

Павлодар облысы Ертіс ауданында прокурорлық тексеріс кезінде ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оң қорытынды алу үшін жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған. Атап айтқанда, елді мекендер жерлерінің санаты бос жатқан және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған.

Осындай әрекеттердің салдарынан мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді. Сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқығы бұзылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануына берілді. Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

22 мамырда сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама