Атырау облысында суға батқан екі адамның денесі табылды
Олардың бірі балық аулауға кетсе, екіншісі мал жаюға шыққан
Бүгін Атырау облысында суға батқан екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлады «Мой город» порталы.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15: 55-те Қамыскөлден құтқарушылар 33 жастағы ер адамның денесін алып шығып, оны полицияға тапсырған. Ол адам бір апта бойы іздестірілген. Туыстары оның Жем өзеніне балық аулауға кетіп, содан оралмағанын айтқан.
Сол күні сағат 16:15-те Махамбет ауданы Ақжайық ауылынан бес шақырым жерде құтқарушылар тасыған өзеннен 24 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол «Манаш» шаруа қожалығынан мал жаюға шығып, сол күйі жоғалып кеткен екен.