×

Асық атудан жеткіншектер арасында ел чемпионаты өтеді

Жарысқа 17 өңірден келген жас асықшылар қатысады

 Динара Амантай 29.05.2024 | 17:45
Фото: Halyq Uni

Республикалық Асық ату федерациясы 31 мамыр - 3 маусым аралығында Астана қаласында асық ату спортынан 2014-2016 жылдары туған балалар (ұлдар, қыздар) арасында жекелей-командалық Қазақстан чемпионатын өткізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шара Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық спорт қауымдастығының және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен өтеді.

Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен, атап айтқанда Алматы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, СҚО, Түркістан, Ұлытау облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан келген жас асықшылар қатысады.

Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты 31 мамырда сағат 11:00-де басталады.

Жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 3 маусымда сағат 11:00-де өтеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Aspan» спорт кешені, Е-697 көшесі, 5.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама