×

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Жиын соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді

 Динара Амантай 29.05.2024 | 17:05
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.

Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама