Halyq Uni логотип
×

Еңбек даулары туындау қаупі жоғары 400-ге жуық кәсіпорын анықталды

Ықтимал тәуекелдерді ерте анықтаудың скорингтік моделі енгізіледі

 Динара Амантай 29.05.2024 | 16:30
Еңбек даулары туындау қаупі жоғары 400-ге жуық кәсіпорын анықталды
Фото: Halyq Uni

Әр өңірде ұжымдық еңбек жанжалдары туындаған кезде бірлескен жедел іс-қимыл жасау үшін ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, ішкі істер органдары және әкімдіктермен өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылды. Бұл туралы ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік еңбек инспектор Төлеген Оспанқұлов баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және еншілес кәсіпорын персоналымен Жұмыс менеджментін жақсарту туралы жол картасына қол қойылған. 1 жылдан астам мерзімге келісімшарттар жасасуға көшу қамтамасыз етіліп, ықтимал тәуекелдерді ерте анықтаудың скорингтік моделі енгізіледі.

Еңбек дауларының алдын алу үшін министрлік кәсіпорындардың цифрлық картасын әзірледі және осы жылы оның шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша кәсіпорындардағы қаржылық, еңбек және әлеуметтік тәуекелдер бойынша жағдайды талдауға және әрбір кәсіпорынның жиынтық тәуекел дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін BI Qlik скорингтік моделі енгізілді. Бүгінде бұл жүйемен 13 мыңнан астам кәсіпорын қамтылған. Осы модельді енгізудің арқасында еңбек дауларының туындау қаупі жоғары, орташа және төмен кәсіпорындарды анықтаймыз, – деді Төлеген Оспанқұлов.

Тәуекелі жоғары 386 кәсіпорын анықталып, бақылауға алынды: Маңғыстауда 125, Атырауда 107, Ақтөбеде 68, БҚО-да 15 және басқа өңірлерде орташа тәуекелі бар 520 кәсіпорын бар болып шықты.

Аталған кәсіпорындармен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың проблемаларын шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама