Halyq Uni логотип
×

«Канело» абсолютті чемпионы атағына қатысты бір шешімге келді

BoxingScene мұндай жағдайда IBF белбеуіне Скулл мен ресейлік Владимир Шишкиннің таласатынын мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2024 | 15:42
«Канело» абсолютті чемпионы атағына қатысты бір шешімге келді
Фото: championat.com

Супер жартылай салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес (61-2-2, 39 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қаулысына қатысты бір шешімге келді.

Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы  мексикалық боксшыны кубалық Уильям Скуллмен (22-0, 9 КО) қолғап түйістіріп, абсолютті чемпион атағын қорғауға міндеттеген еді.

Сөйтіп, IBF боксшыларға келісімге келуге 28 күн берген болатын. Алайда, соңғы сәтте тараптар келісімге келе алмады. Енді IBF 6 маусымға промоутерлік сауда белгілейтінін хабарлады.

BoxingScene мәліметіне қарағанда, Сауль «Канело» Альварес IBF шартына келіспей отыр.

Мексикалық аты шықпаған боксшымен шаршы алаңға шыққысы келмейді. Осыған байланысты Сауль Альварес промоутерлік саудаға қатыспайды. Енді ол титулынан айырылады, – делінген хабарламада.

BoxingScene мұндай жағдайда бос қалатын IBF белбеуіне Скулл мен ресейлік Владимир Шишкин (16-0, 10 КО) таласатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама