×

КХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс толы 150-ден астам әуе шарын жіберді (ВИДЕО

Бұл бассыздық пен арандатуды тоқтату керек, - деді штаб басшыларының біріккен командованиесі

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2024 | 13:18
Фото: https://t.me/nexta_live

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс пен нәжіске толы 150-ден астам әуе шарын жіберді.  Бұл туралы Корея Республикасының штаб басшыларының біріккен командованиесіне сілтеме жасаған Yonhap News Agency агенттігі хабарлады.

Корея әскерилері КХДР-дан ел аумағына ұшып келе жатқан әуе шарын байқап, олар жерге түскенде онда қоқыс пен нәжістің бар екендігін анықтады.

Бұған дейін де 2017 жылы КХДР-ден Солтүстік Кореяға бірнеше рет «сәлемдеме» келген болатын. Сол кезде шардың ішінен қолданылған дәретхана қағаздары, шылымның қалдықтары, майлықтар мен басқа да қоқыстар шыққан. Бұл жолы Ким Чен Ынның билігі шекарның ар жағындағы көршілеріне қоқыспен бірге нәжісті де үйіп-төгуді жөн көріпті.

Агенттіктің хабарлауынша, әуе шарлары елдің барлық жеріне түскен. Тіпті, Корея Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Кенсан провинциясына да жеткен. Шарларда бөтелкелер, батарейкалар, ескі-құсқы заттар, аяқ киімдер мен нәжіс болған.

Осыған байланысты Корея Республикасының штаб басшыларының біріккен командованиесіне мәлімдеме жасап, Солтүстік Корея басшылығының бұл ісін бассыздық пен баланың ісіне теңеді.

КХДР Қорғаныс министрлігі де оңтүстіктегі көршілерінің мәлімдемеіне жауап берді.  

Оңтүстік Корея жылдар бойы Солтүстік Кореяның аумағына аспаннан шарға байланған үнпарақтар таратып келеді. Бұл хаттар халықты билікке қарсы шығуға шақырады. Егер Оңтүстік Корея үнпарақтарды таратуды қоймаса, біз нәжіске толы әуе шарларын жібере береміз, – делінген.

Қазір екі ел арасындағы соғыс ресми түрде біткен жоқ. Бұл мемлекеттер 1950 жылдың 25 маусымы мен 1953 жылдың 27 шілде аралығында соғысып, бір-бірін жеңе алмаған.

Негізінен бұл соғысты «қырғи қабақкезеңіндегі АҚШ пен Қытай және КСРО одақтас елдері арасындағы жанама соғыс деп те атайды.

Сол кезде Қытай мен Кеңес Одағы Солтүстік Кореяның жағында ресми түрде соғыспағанымен, соғысты қаржыландыруды және қытай әскерлерін жабдықтандыруды өз мойнына алды. Оңтүстік жақтан соғысқа Корея Республикасы, АҚШ, Ұлыбритания мен БҰҰ Қарулы күштерінің құрамындағы елдер қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама