Олимпиадаға іріктеуде бір боксшы жарыстан шығып қалды
Ұлжан Сәрсенбек АҚШ чемпионынан жеңіліп, 1/8 айналымына шыға алмады
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға есе жіберді.
Осылайша, Ұлжан Сәрсенбек АҚШ чемпионынан жеңіліп, турнирдің 1/8 айналымына шыға алмады.
Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген еді.