×

Қазақстан волейболдан Challenge Cup турнирінде финалға шықты

Құрама команда өз ойынын тауып, жақсы нәтижемен жанкүйерлерді қуантып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2024 | 11:44
Фото: Азия волейбол қауымдастығы

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппиннің астанасы – Манила қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің финалына шықты.

Құрама команда өз ойынын тауып, жақсы нәтижемен жанкүйерлерді қуантып жатыр.

Енді команда капитаны Сана Анарқұлова бастаған құрама алаң иелерін 3:0 (25-23, 25-21, 25-14) есебімен айқын басымдықпен жеңген соң, турнирдің жеңімпаз атағын үшін күш сынасады.

Матчта ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады (19 балл). Одан кейін Светлана Николаева 11 ұпай алды.

Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын құрама команда турнирдің топтық кезеңінде Индонезия, Гонконг, Сингапурды ойсырата жеңген болатын. Ал екінші матчта Challenge Cup-тың қазіргі чемпионы Вьетнамға жеңілуге мәжбүр болды.

Енді 29 мамырда Астана уақытымен сағат 16:00-де финалда Қазақстанның қарсыласы анықталады.

Қазақстан құрамасы Challenge Cup додасына алғаш рет қатысып жатыр. Финалды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама