Жобалар өңір әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет резервінен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданған.
Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылып жатыр.
Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.
Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңір әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі: