×

Қазақстанға кірмек болған ресейлік қылмыскер ұсталды (ВИДЕО)

Ол шетелдік криминалитеттің беделді мүшесі болып шықты

 Динара Амантай 29.05.2024 | 09:43
Фото: polisia.kz

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ішкі істер министрлігі ҰҚК мен Бас прокуратурамен бірігіп, өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған төрт қылмыскерді ұстады.

Биыл 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада «заңдағы ұры» атына ие 1963 жылы туған іргелес мемлекет азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады. Ол Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге жөнелтіліп, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарына берілді. Ресей Федерациясының сот органдарымен оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы «Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену» бойынша іс қаралып жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама