Halyq Uni логотип
×

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру: өңірлерде кураторлар белгіленді

Курстардың бағдарламасы мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр

 Динара Амантай 29.05.2024 | 09:33
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру: өңірлерде кураторлар белгіленді
Фото: Halyq Uni

Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академия мектептерде кәсіби бағдарлау бойынша жобаны іске асыра бастады. Қазір әр өңірде ол бойынша кураторлар белгіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, кураторлар болып өңірлік әдістемелік орталықтар мен білім басқармаларының қызметкерлері бекітілді. Олардың негізгі міндеті – кәсіптік бағдарлауға жауапты мамандардың қызметін үйлестіру.

Осы жылы бірінші рет мектептердегі кәсіптік бағдарлау жұмысының жүргізілуін білу мақсатында кең көлемді мониторинг өткізілді. Бұл зерттеудің қорытындысы орта білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдарлаудың ұлттық үлгісінің негізіне айналады. Алдағы уақытта педагог-кәсіптік бағдар беруші үшін біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасын және әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр, – деді академияның кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығының директоры Қуандық Тайболатов.

Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы академия «Мектеп білім алушыларының кәсіптік бағдарлаудың инклюзивтілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» ғылыми жобасын іске асырып жатыр. Бұл жобаның нәтижелері де кәсіптік бағдарлаудың ұлттық үлгісінде көрініс тауып, білім алушылардың әрқайсысы үшін мансабы бойынша кеңес алуға және өзін-өзі кәсіби тұрғыда айқындауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама