Сотқа дейінгі тергеу басталды
Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратура мен Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Қазақстанға биыл келген. Олардың тұрақты жұмыстары болмаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.